12 шілдеге арналған ауа райы болжамы

12 Шілде 2022, 07:00 1826

Қазгидромет 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.KZ мекеменің ақпаратына сілтеме жасап.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.

Петропавл қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Қарағанды облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды қаласында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда және Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстікте, орталықта екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан еседі, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, түнде облыстың батысында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетуі ықтимал. Семей қаласында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, дауыл соғады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Батыстан жел есіп, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Талдықорған қаласында кей кезде найзағай ойнауы мүмкін.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетау қаласында түнде найзағай ойнайды.

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

EL.KZ
Бөлісу: