123 мыңнан астам палестиналық үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған – БҰҰ

9 Қазан 2023, 04:16 715

Газа секторындағы соғыс қимылдарына байланысты 123 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы осындай дерек келтіреді.

Жергілікті уақыт бойынша 8 қазан сағат 21:00-де 123 538 палестиналық Газа секторындағы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Al Arabiya Газа секторындағы 70 мыңнан астам палестиналық үйлерін тастап кеткенін айтқан болатын.

Берік Арманов
Бөлісу: