24.04.2025
14:37
965
12 жастағы оқушы қызға азғындық жасаған ер адам сотталды

12 жастағы оқушы қызға азғындық жасаған ер адам сотталды

Медеу ауданының прокуратурасы Алматы қаласының 12 жасар оқушысына азғындық әрекеттер жасаған Түркістан облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында ер адам Астанада болған кезде Telegram мессенджері арқылы Алматы гимназияларының бірінде оқитын 6 сынып оқушы қызбен танысқаны анықталды.

Кейіннен, бейнебайланыс барысында зорлық-зомбылық қолданусыз, ол жыныстық сипаттағы жол берілмейтін әрекеттер байқалатын әдепсіз сипаттағы іс-әрекеттер жасаған.

Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.

Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.