12 тамызға арналған ауа райы болжамы

12 Тамыз, 00:49 655

Синоптиктер Қазақстанның 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде +35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.

Алматыда жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Астанада күндіз найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігіне, батысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне, батысына тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысына тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, батысында жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Жел оңтүстік-шығысытан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысына тұман түседі. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың олтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: