«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, 2025 жылдың 12 қарашасында сағат 08:00 жағдайына қарай республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Сонымен қатар, кей өңірлерде ауа райына байланысты жылдамдық шектеулері өз күшінде қалуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қозғалысы қайта ашылған жолдар
Ақмола облысында:
Қарағанды облысында:
Жылдамдық режиміне енгізілген өзгерістер
Ақмола облысы:
Шығыс Қазақстан облысы:
5 қарашадан бері тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына Осинов асуында уақытша тыйым салынған.
Шектеу «Өскемен - Алтай - Катонқарағай - Рахман қайнары» тасжолының 46-66-шақырымында (Северное - Серебрянск бағыты) қолданылады және қыс маусымы аяқталғанға дейін сақталады.
Бұл шара таулы аймақтағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Ауа райы және ескерту
12 қараша күні Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай және Павлодар облыстарында қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын күтіледі.
Жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықтықты сақтауға кеңес беріледі.