12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні

12 Мамыр, 13:43 791

Жыл сайын 12 мамырда Халықаралық мейіргер күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтулы күнде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мейіргерлерді кәсібимен мерекемен құттықтады.

Барлық мейіргерлерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз бен шыдамдылықтарыңыздың, қайырымдылықтарыңыз бен көп жылдық тәжірибелеріңіздің арқасында пациенттердің денсаулығы қалпына келуде.
Әрқайсыңызға отбасылық амандық, кәсіби өсу, сарқылмас қуат және жақсы көңіл күй тілеймін! – деді министр.

Мейіргелер денсаулық сақтау жүйесіндегі ең көп кәсіби топтардың бірін құрайды. Бүгінде Қазақстанның медициналық ұйымдарында 190 мыңнан астам, ауылда 54 мыңнан астам, бастапқы буын деңгейінде 65 мың орта медицина қызметкері жұмыс істеуде.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: