12 адамнан тұратын отбасы тойға бара жатқанда өзенге батып кетті

12 Тамыз, 17:48 3209

Үндістанда нөсер жауын салдарынан 31 адам қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үндістанның солтүстік төрт штатында - Раджастхан, Химачал-Прадеш, Уттар-Прадеш және Пенджаб штаттарында қатты жауын-шашын болды. Толассыз жауын 31 адамның өмірін қиды.

Атап айтқанда, Пенджаб штатында 12 адамнан тұратын отбасы тойға бара жатқанда өзенге батып кеткен. Тоғыз жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

Кейінгі аптадағы толассыз жауған жаңбыр Үндістанның әртүрлі аймағында ғимараттардың, жолдар мен көпірлердің қирауына, сонымен қатар жаппай су тасқынына, көшкінге әкеп соқты.

Айта кетейік, Үндістандағы көшкін құрбандарының саны 358 адамға жетті.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: