11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

11 Шілде 2022, 09:04 1317

Найзағай ойнап, бұршақ, жауып шаңды дауыл күтіледі

Қазгидромет 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялайды,депхабарлайды El.kz

Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайды – жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын – шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болжанады.

Бөлісу: