Әлемдегі ең қарт марафоншы үндістандық Фауджа Сингх көлік астында қалып көз жұмды. Оның жасы 114-те еді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Hindustan Times басылымының мәліметінше, туған ауылында жолдан өтіп бара жатқан кезде Сингхты көлік қағып кеткен. Ал көлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалаған. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, ер адам дүйсенбі күні кешке ауруханада көз жұмды.
Фауджа Сингх 1911 жылдың 1 сәуірінде дүниеге келген. Ол бес жасқа дейін жүре алмаған, ал есейген соң жүгіруге ден қойған. Бұл спорт түрімен Ұлыбританияға барған соң, 89 жасында шындап айналыса бастаған. Көпшілік оны «сәукелелі торнадо» деп атайды.
2013 жылы, 101 жасында Сингх 10 шақырымдық марафонды 1 сағат 32 минут 28 секундта жүгіріп өткен. Үш жылдан кейін ол Мумбайдағы жарысқа қатысқан.