11.11.2025
09:06
745
11.11: қосарланған бірліктер күні адамға қалай әсер етеді

11.11: қосарланған бірліктер күні адамға қалай әсер етеді

Бұл күн сандардың адам тағдырына әсері бар деп сенетін жандардың назарына ерекше ілігеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Нумерологияда қос бірлік – «шебер саны» (мастер-число) деп аталады және ол рухани ағартушылық пен интуитивті түсініктің символы саналады. Бірліктің екі рет қайталануы оның энергиясын күшейтіп, адамның ішкі әлеуетін ашуға және маңызды мақсаттарға жетуіне ықпал етеді.

Мамандардың сөзіне қарағанда, 11 қарашада дүниеге келген адамдар әдетте мінезімен, рухани байлығымен және эмоциялық қуатымен ерекшеленеді. Олар адамдарға ықпал етуді білетін, жағдайды бақылауда ұстай алатын жандар. Дегенмен тәкаппарлық пен үстемдік сезімі мұндай адамдарды күйзеліске алып келуі мүмкін.

Нумерологтар ғашықтар үшін 11 қараша – үйлену тойына қолайлы күн деп санайды. Эзотерикалық нанымдар бойынша, бұл дата ерекше бірлік пен үйлесім кеңістігін тудырып, жұптардың қарым-қатынасын нығайтады. Алайда егер серіктестер өзара қолдау мен түсіністікті сақтай алмаса, эгоизм мен материалдық құндылықтарға тым әуестену қаупі бар.

Сол сияқты, 11 қараша күні жақын адамынан айырылу да ерекше әсер қалдырады. Көпшіліктің сенімі бойынша, төрт бірлік (11.11) – жандардың жердегі істерін аяқтап, рухани тыныштық табуына мүмкіндік беретін күн. Сондықтан адам осы күні қайтыс болса, бұл өмірлік циклдің аяқталып, басқа болмысқа өтудің белгісі ретінде қабылданады.

Ішіндегі тілегін айту үшін сағат 11:11-ді немесе 23:11-ді күтетіндер де бар екен. Мамандар жамані ойлар мен әрекеттерден аулақ болуға кеңес береді.

Осылайша, 11 қараша – армандардың орындалу мүмкіндігін де, өмір мен өлімнің, сезім мен ақылдың, қиял мен шындықтың арасындағы нәзік шекараны да еске салатын ерекше күн.