«110 млн теңге пара сұраған»: Шымкентте судьяға қатысты тергеу аяқталды

Бүгiн, 12:20 114

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда. Бас прокуратура ағымдағы жылы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады, - делінген мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: