27.07.2025
04:30
689
"11 жыл күттік": Қосшыда 110 үлескер баспанаға қол жеткізді

"11 жыл күттік": Қосшыда 110 үлескер баспанаға қол жеткізді

Қосшыда жылдар бойы тиісті пәтерін ала алмаған үлескерлер дегеніне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

«Сиреневый сад» тұрғын үй кешеніне 2013 жылдан бері қаржы салған 110 отбасы он бір жылдан кейін өз баспанасына қол жеткізді. 

Көп жылдан бері қаңырап бос тұрған бұл тұрғын үй кешеніне жаңа «Ынтымақ» атауы берілген. .

Біздің тарих 2014 жылы сенімсіз құрылыс компаниясына қаржы салудан басталды. Сол күннен бастап қиын кезеңдерді бастан өткердік. Бүгінгі күн жай ғана қуаныш емес, қауіпсіздік пен тыныштыққа қол жеткізгеніміздің белгісі. Бұл – көзіміздегі бақыттың жасы, - деді Гүлнар Мермұқанова.

Қоныс иелері осылайша 11 жыл өткенде барып жаңа баспаналарының табалдырығын аттаған. 

Осы он бір жылда барлық есікті қақтық, талай жерге жүгіндік. Көпшілігіміз пәтер аламыз деген үміттен айырылған едік. Енді, міне, облыс басшылығының қолдауының арқасында армандаған үйімізге қол жеткіздік. Баршаға құтты болсын дейміз, - деді Гүлзахра Егембердиева.