11 шілдеде елімізде ауа райы қандай болады

11 Шілде, 04:29 978

Қазгидромет 11 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлытау облысының батысында найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с.

Атырау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстңгінде, шығысында бұршак, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. 

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғанды, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.

Алматыда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. 

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 11-12 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз тауды екпіні 15-20 м/с болады.

Зарина Арман
Бөлісу: