11 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

3 Қараша 2023, 00:19 565

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

3 қарашада Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырып, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде күші 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының оңтүстігінде түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Берік Арманов
Бөлісу: