102 жастағы кейуана сымбатты болудың сырын ашты

13 Қараша 2023, 06:25 1529

Тэй есімді блогер қыздың әжесі сымбатты болып қалуының сырын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл роликті блогер өзінің TikTok-тағы парақшасында жариялады.

Кадрда 102 жастағы кейуана сұлулығын сақтап қалуға шырынның үлесі зор екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, шырынның құрамына алоэ вера, орамжапырақ, балдыркөк, зімбір, ақжелкен және су кіреді. Қарт әжей бұл сусында ол күнделікті таңертең ішетінін алға тартты.

Сонымен қатар ол дұрыс тамақтанудың да пайдасы орасан екенін тілге тиек етті.

Менің құпиям осы, - деді ол.

Оқырмандар оның кеңесіне құлақ түріп, міндетті түрде сусында дайындап көретінін жазып жатыр.

@taygusta My grandma is always keeping it 💯 Wisdom from a #centenarian! #jamaicatiktok #grandmasoftiktok #jamaican ♬ original sound - taygusta

Берік Арманов
Бөлісу: