Сәлем, достар! Бүгін бізде қонақта – халықаралық дәрежедегі гроссмейстер, Қазақстанның шахмат спортының мақтанышы, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева. Бұл шығарылымда біз қонағымызбен шахматтағы жетістіктері, халықаралық жарыстардағы тәжірибесі, интеллектуалдық спорттың ерекшеліктері туралы әңгімелестік. Сондай-ақ гроссмейстердің 1000 кітап оқуға деген қызығушылығы, білім мен спорттың байланысы, жастарға берер кеңесі жайында сөз қозғадық.