«100 Ауыл» әлеуметтік жобасы іске асырыла бастады

1 Қазан 2022, 20:22 2833

Жоба барысында ауыл жастарымен тәрбие жұмысын, мастер-класстар, ашық жаттығулар, мотивациялық кездесулер өткізу жоспарлануда.

«Еліміздегі балалар мен бұқаралық спортты дамыту, дені сау ұлт» атты Жолдауға сәйкес әлемнің төрт дүркін рекордсмені, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің амбассадоры Сергей Цырульников «100 Ауыл» әлеуметтік жобасын қолға алып, іске асыра бастады, деп хабарлайды El.kz.

Жоба барысында ауыл жастарымен тәрбие жұмысын, мастер-класстар, ашық жаттығулар, мотивациялық кездесулер өткізу жоспарлануда. Жобаны Олимпиада, Әлем және ел чемпиондары, қоғамдық пікір қалыптастырушы көшбасшылар қолдады. Мектептерді спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы демеушілік көмек көрсетілді (доптар, бокс қолғаптары, секіру құрылғылары, теннис ракеткалары және т.б.).


Жоба өз есебінен және демеушілік қаражатпен қаржыландырылды. Қазіргі таңда бұл жоба бойынша жұмыс еліміздің 84 ауылында жүргізілді.

"Осы жобаны іске асыра отырып, біз «дені сау ұлт» туралы жасалған Президент Жолдауының маңызды бағыттарының бірін орындаймыз, балаларды спорттық құрал-жабдықпен, мамандандырылған спорттық формамен қамтамасыз етеміз және балалардың бұқаралық спортқа араласуын арттырамыз", - дейді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің амбассадоры Сергей Цырульников.

Жобаның негізгі демеушісі – «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы.

Осы іс-шараны ұйымдастыру бойынша толығырақ ақпарат алу үшін, жоба авторымен төмендегі  нөмір бойынша байланыса аласыз:

+7702-328-11-71 Цырульников А.

Қазіргі таңда, жоба аясында 14 мыңнан астам ауыл жастары қамтылған.

Әлеуметтік желілер бойынша 8 миллионнан астам қолданушы бар.



Бөлісу: