10 тамызда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9 Тамыз 2022, 21:04 950

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жариялады

El.kz порталы елордада 10 тамыз күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.30-да Төтенше жағдайлар департаменті «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығынан адамдарды толық эвакуациялап, ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан зертханаларының сынақ базасын жаңғырту» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: Ұлттық аккредиттеу орталығының әдіснама және нормалау департаментінің басшысы Орынғалиұлы Алмат, осы департаменттің бас маманы Молдыбаев Дастан Жаманшалұлы.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

16.00-де EXPO Конгресс орталығында спидкубинг турнирі аясында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз конференциясы ұйымдастырылады.

Онда БАҚ өкілдері 3000 текшеден тұратын куберлердің қандай атақты адамдардың портретін жинайтынын бірінші болып біледі.

Бөлісу: