10.08.2022
07:22
2020
10 тамыз - Абай күні

10 тамыз - Абай күні

Бүгін елімізде Абай күні тойланады. Бұл дата үкімет қаулысымен мерекелік күндердің тізбесіне ресми түрде енгізілген, деп хабарлайды El.kz.

Абай мұрасы - халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Оның әділдік, адалдық, адамгершілік идеяларына негізделген, тағылымы мол шығармашылығы - қазақ әдебиетінің жауһары.

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Абай күніне орай түрлі шаралар ұйымдастырылады.