Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау тәртібі қайта қаралып, биылдан бастап жаңа өзгерістер күшіне енеді. Оқу-ағарту министрлігі қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында мерзімдерді өзгертіп, рәсімдерді жеңілдететін бірқатар жаңашылдық енгізді.
Енді бірінші сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл шешім мектептердегі негізгі оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін қабылданған. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл өзгерістердің басты мақсаты – қабылдау науқанын сапалы әрі тиімді ұйымдастыру екенін атап өтті.
Бұған дейін 1 сыныпқа құжат тапсыру 1 сәуірден басталатын. Дәл осы кезеңде мектептерде оқу процесі жүріп жатады. Мұғалімдер мен мектеп басшылығы сабақпен қарбаласып жатқан уақытта қабылдауды тиімді ұйымдастыру қиындық туғызатын. Сондықтан біз бұл мерзімді қайта қарап, өзгерту туралы шешім қабылдадық. Енді 1 сыныпқа құжат қабылдау 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі, – деді министр.
Бұған дейін 1-сыныпқа құжат қабылдау жыл сайын 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасатын. Енді жаңа тәртіп бойынша қабылдау мерзімі 27 мамырдан 31 тамызға дейін өзгертілді. Бұл өзгерістің негізгі себебі – оқу жылы барысында мектептердің негізгі қызметіне кедергі келтірмеу. Бұрын құжат қабылдау кезеңі оқу процесімен қатар жүріп, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне қосымша жүктеме түсіретін. Енді қабылдау жаз мезгіліне ауыстырылып, бұл мәселе оңтайлы шешімін тапты.
Жаңа ережеге сәйкес, мектепалды даярлықтан өткен және сол мектепте оқуын жалғастыруды таңдаған балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл ата-аналар үшін құжат жинау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар, ата-аналар баласын басқа мектепке ауыстыру құқығын сақтайды – мұндай жағдайда құжаттар жалпы тәртіппен тапсырылады.
Тағы бір маңызды жаңалық – өтініш қабылдаудың өңірлік кесте бойынша жүргізілуі. Бұл жүйе электронды порталдарға түсетін жүктемені азайтып, техникалық ақаулардың алдын алуға көмектеседі.
Өтініш беру тәсілдері:
Қажетті құжаттар тізімі
Баланы мектепке қабылдау үшін төмендегі құжаттар қажет:
Маңызды: мектептер осы тізімнен тыс қосымша құжат талап етуге құқылы емес.
Бала қандай дағдыларды білуі керек?
Мектеп бағдарламасы әріптер мен сандарды үйретуді қамтығанымен, балаға алдын ала базалық дағдыларды меңгеру ұсынылады. Жалпы білім:
Интеллектуалдық дағдылар:
Есте сақтау және сөйлеу:
Математикалық негіздер:
Қабылдау принциптері
Шетел азаматтарына талап
Егер бала шетел азаматы болса, оның ата-анасы Қазақстанда тұрақты немесе уақытша тұруы тиіс. Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар тұрақты тұруға рұқсат құжаты қажет.
eGov арқылы өтініш беру тәртібі, онлайн өтініш беру үшін: