1 шілдеден бастап темекі өнімдері қымбаттайды

4 Мамыр 2023, 17:29 750

1 шілдеден бастап Қазақстанда фильтрлі және фильтрсіз темекілерге, папиростар мен сигариллаларға, сонымен қатар қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек бағаны көтеру жоспарлануда.

Тиісті бұрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжатта темекіге ең төменгі бөлшек бағаны 710 теңге мөлшерінде бекіту ұсынылған. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі баға 770 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстанда темекі қорабының ең төменгі бөлшек бағасы 650 теңгені құрайды.

EL.KZ
Бөлісу: