2025 жылғы 1 шілдеден бастап екінші деңгейлі барлық банк, шетелдік банктердің филиалдары, Қазақстанның Даму банкі және Қазпошта Қазақстан азаматтары мен резидент емес тұлғалардың банк шоттары мен салымдары туралы Ұлттық банкке есептілік беруге міндетті болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Ұлттық банк қаулысында жарияланды.
Қандай шоттар бақылауға ілігеді?
Тек депозиттер ғана емес, барлық банк шоты есепке алынбақ:
Есептер 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады - шот ашылғанда, клиент деректері өзгергенде немесе жаңа келісімшарт жасалғанда.
Қандай мәлімет беріледі?
Кешенді есепке мыналар кіреді:
Құжатта көрсетілгендей, шот иесімен депозиттік ұйым арасындағы барлық қарым-қатынас көрсетілуі тиіс, оның ішінде келісімшарт шарттарының кез келген өзгерістері де қамтылады.
Жеке деректер қалай қорғалады?
Жеке тұлғаның ЖСН-і орнына есептілікте ДИН (деперсонализацияланған идентификациялық нөмір) қолданылады - бұл шифрланған код, оны үшінші тұлғалар қайта ЖСН-ге ашып оқи алмайды.
ДИН әр банк өз алгоритмі бойынша жасайды және ол:
Егер шот иесінде ЖСН немесе БСН болмаса, АИН (альтернативті идентификациялық нөмір) пайдаланылады.
Алайда, шифрланғанына қарамастан, мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша - соның ішінде Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Депозиттерге кепілдік беру қоры - банк бұл мәліметтердің шифрын қорғалған байланыс арналары арқылы беруі тиіс. Бұл жалпы есеп жүйесін айналып өтетін бөлек тәртіппен жүзеге асырылады.
Қателерді түзетуге бола ма?
Болады. Егер банк есептілікте қате жіберсе, 2025 жылдың аяғына дейін - бірақ есепті тапсыру мерзімі өткеннен кейін бір айдан кешіктірмей - түзету енгізе алады. Бұл үшін Ұлттық банкке арнайы хабарлама жіберу қажет.