1 қыркүйектен бастап стипендия көбейеді

29 Тамыз, 11:53 816

Қазақстанда 2020 жылдан бері стипендияны көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соның аясында 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендиялар артады. 

Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50 пайызға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады. Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 пайызға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды.

Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады,
магистранттар мен докторанттарға стипендия 15 пайызға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 мың теңгені құрайды. 

Сондай-ақ, 2025 жылғы 1 қыркүйекте шәкіртақы бакалавриат студенттеріне 20 пайызға, магистранттар мен докторанттарға 15 пайызға көбейеді. 2020 жылдан бастап стипендияны көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде 2025 жылға қарай ЖОО мен колледж студенттерінің стипендиясы екі есеге, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есеге өседі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: