Үкімет қаулысына енгізілетін өзгертулерге сай 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледж студенттерінің стипендиясын арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Стипендия мөлшерін арттыру бойынша қаражат көлемін республикалық бюджет комиссиясы қолдаған.
Жалпы стипендия мөлшерін ұлғайту ел жастары үшін техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын едәуір арттырады, колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсартады және техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау сапасының артуына әсерін тигізеді, - делінген қаулының түсіндірме жазбасында.