1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

28 Тамыз 2023, 11:12 657

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: