1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

1 Қараша 2022, 09:11 1934

Қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады

1 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде атомосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы күн райы сақталады, қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Сейсенбіде Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында қар және жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын болады.

EL.KZ
Бөлісу: