1 наурызда қар жауып, боран соғады

1 Наурыз 2023, 08:30 1191

Сондай-ақ елдің басым бөлігінде көктайғақ күтілуде

1 наурызда ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер күн райына атлантикалық циклон әсер ететінін болжады. Сол себепті Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ күтілуде.

Еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын сақталады.

Тек еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан мұнда жауын-шашын жаумайды.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

EL.KZ
Бөлісу: