1 наурыз күні Өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады

1 Ақпан, 22:28 809

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, алдағы 1 наурыз күні Өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады, құжаттар осы жылдың 31 наурызына дейін қабылданады. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов ӨКҚ брифингінде айтты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың аймақтық пулдарын қалыптастыру және дарынды жастарды өңірлерді дамытуға тарту.

Өңірлік резервке іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар қатысуға жіберіледі.

Өңірлік кадр резервіне алынған адамдар, сайланатын лауазымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша конкурс өткізбей, астананың жергілікті атқарушы органдарында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Сондай-ақ өңірлік резервке алынған адамның келісімімен оны басқа өңірлерге тағайындауға жол беріледі. Бүгінде елорда әкімдігінің алдында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту міндеттері тұр. Сондай-ақ, үлкен қаланың дамуы халықпен өзара іс-қимыл процестерін цифрландыруды, ақпараттық-талдамалық жүйелерді дамытуды талап етеді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету де маңызды бөлігі болып саналады, - деді Нұрлан Нұркенов.

Іріктеу әлеуметтік; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым; экология; цифрландыру салалық бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Қала өмірін жақсартуға белсенді қатысуға дайын жас әрі бастамашыл адамдарды іріктеуге қатысуға шақырамыз, - деді спикер.

Перизат Саденова
Бөлісу: