1 ақпанда елдің екі облысында тұман түсіп, күшті жел соғады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды. Ал Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысының шығысында да синоптиктер тұман түсетіндігін ескертті. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейіп, Мұғалжар ауданында секундына 18 метрге дейін жетуі ықтимал.