29.08.2022
14:17
1085
Үстел теннисінен Burabay Open турнирінің жеңімпаздары анықталды

Үстел теннисінен Burabay Open турнирінің жеңімпаздары анықталды

Щучьеде Burabay Open үстел теннисінен ірі турнир аяқталды, деп хабарлайды El.kz порталы ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарысқа 75 ер адам мен 30 әйел қатысты. Жүлде қоры 1 млн теңгені құрады.

Ерлер арасында бірінші орынды – Искандер Харки, екінші орынды – Ырысбек Артықметов, үшінші орынды Дастан Кенжеғұлов алды.

Әйелдер арасында бірінші орынды – Сарвиноз Миркадирова, екінші орынды – Гузель Торшаева, үшінші орынды Ангелина Романовская иеленді.