ҰҚШҰ. Оқу-жаттығу барысында "Іздеу-2022" басталды

5 Қазан 2022, 23:45 1002

Арнайы жасақтар қарсыластың шегініп бара жатқан тобына қысқа қашықтықта оқ жаудырып жатыр.

«Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуы барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің барлау органдары мен бөлімшелері арнайы тапсырмаларды орындады, деп хабарлайды EL.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Олардың басым бөлігі түнгі уақытта іске асу үстінде.

Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің әскер топтары қарсыласқа үздіксіз барлау жүргізіп жатыр. Бірыңғай жүйеге әуе, радиолокациялық, радиотехникалық, арнайы, әскери және артиллериялық барлау бөлімшелері біріктірілді.

Арнайы мақсаттағы барлау топтары, нысанаға алу және бағыттау топтары парашютпен десанттауды пысықтауда. Олар ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды қолдану арқылы оптикалық-электрондық барлау жүргізіліп жатыр. Мамандар рейд жасаушы жасақтарды айналып өткен қарсыластың орналасқан жерін анықтап, артиллерия және майдандық авиацияның соққыларымен жою үшін олардың координаттарын береді.

Барлау құралдарының оқ атып, зақымдау кезіндегі атысы және соққы нәтижелері де бағаланады, оның барысында артиллериялық, зымырандық және авиациялық бөлімшелерді жіті барлау және қайта нысанаға алу да іске асырылу үстінде.

Арнайы жасақтар қарсыластың шегініп бара жатқан тобына қысқа қашықтықта оқ жаудырып жатыр. Әуе тәсілімен барлаушыларды көшіру кезінде мергендер мен армиялық авиация оларды бүркемелеуді орындайды. 

Объектілерге реактивті артиллерия мен шартты қарсыластың құрамасы шабуыл жасаған кезде шабуылдау бөлімшелері де қарап тұрмай, іс-қимылға көшуде. Барлау жасағының сауыт-сайманы сай тобы жауға қарсы іс-әрекет жасап, оларды қолда бар атыс құралдарымен жою үстінде.

«Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуындағы барлау бөлімшелерінің негізгі міндеті бірыңғай ақпараттық деректерді жинау, талдау және олардың межелі жерге жетуін үздіксіз қамтамасыз етіп отыру болып табылады.

EL.KZ
Бөлісу: