«Әлемді өзгертетін идеялар» дөңгелек үстелі өтті

26 Қараша 2014, 10:38

18 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін атап өту қарсаңында Елбасының Кітапханасы Білім және ғылым министірлігімен біріге отырып, «Әлемді өзгертетін идеялар» дөңгелек үстел өткізді.

18 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін атап өту қарсаңында Елбасының Кітапханасы Білім және ғылым министірлігімен біріге отырып, «Әлемді өзгертетін идеялар» дөңгелек үстел өткізді. Шара ұйымдастырушылары онлайн режимінде мұғалімдермен тәжірибе алмасты. Дөңгелек үстел жұмысын Астана, Алматы және облыс педагогтары, жалпы саны екі мыңнан астам мұғалім қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізуге Елбасы Кітапханасының көп жоспарлары жұмысын дайындау кезеңі арқау болды. Кітапханада құрылған интерактивті білім беру орталығы әлемдік және замануи білім беру-тәрбиелеудің талаптарына сай келеді. Білім беру зонасының иазмұны Елбасының жасампаз идеялары мен бастамаларына негізделеді.

Мультимедиялық мүмкіндіктері арқылы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, білім саласына жаңашылдық енгізуге мүмкіндік бар. Оған дейін білім беру орталығымен Астана қаласының білім Басқармасы, № 38, 70 мектептердің тарих пен мұғалімдері жұмыс істеп көрді.

«Әлемді өзгертетін идеялар» дөңгелек үстелі Кітапхананың контентін түсіндіретін алғашқы шара емес. Елбасының Кітапханасы өз тәжірибесімен үнемі бөліседі. Оқу барысында интерактивті орталықты қолдануды мектеп мұғалімдері оған дейін де талқылаған. Бұл тұрғыда Білім және ғылым министірлігімен, басқа да қызығушылық білдірген білім ордаларымен күш біріктіреді. Ынтымақтастық бабалармен жұмыс істеу барысында мектеп мұғалімдеріне Кітапхананың контентін қолдануға жол ашады.

Дөңгелек үстел қатысушыларына «Мобильді кітапхана» жобасы, бейнеқордағы фильмдер, интерактивті білім беру бағдарламасының әдістері мен технологиялары таныстырылды.

Білім берудегі келелі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім, ақпаратық технологиялар департаментінің директоры Ж.А. Жонтаева өз ойын білдірді.

Астана қаласының мұғалімдері интерактивті білім беру орталығы арқылы жұмысты ұйымдастыру ойларымен бөлісті. Шара қатысушылары арасында дөңгелек үстелдің педагогикалық технологиялардың coach-алаңынан тұратын интерактивті бөлігі үлкен қызығушылық тудырды.

Аймақ қатысушылары ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, шараның актуалдығын айтып, кітапхананың ұсынған ынтымақтастық түрлерінің қажеттігін айтты.

Жұмысты қорытындылай келе, шара модераторы – Елбасы Кітапханасының ақпараттық саясат және коммуникациялар бөлімінің басшысы М.Ә.Әбдікәрімов айтылған ұсыныстар  – біріккен жұмыстың ілгерілеуіне негіз болатынын ерекше атап өтті. Біріккен жұмысты онлайн және офлайн түрінде өткізіп тұру дәстүрге айналды. 

Бөлісу: