ҰҚК: Шекара ерекше бақылауда

23 Қыркүйек 2022, 17:06 1206

Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан, деп хабарлайды El.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеуде. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалуда. Ахуал ерекше бақылауда", - делінген хабарламада.

Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде.
Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды.

ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады.

Бөлісу: