Өңірлердің дамуына бюджеттен 5,5 трлн теңге бөлінді

14 Шілде 2022, 10:47 1573

Бұл туралы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылды

ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға 128 млрд теңге бөлінді, олар 580 ауылда 1 100 жобаны іске асыруға бағытталған. «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру аясында 4,3 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 20 млрд теңге бөлінді. Жалпы сомасы 1,1 трлн теңгені құрайтын батыс өңірлерінің (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары) кешенді жоспарлары қайта қаралып, кеңейтіліп қабылданды. Кешенді жоспарлар шеңберінде 170 мыңнан астам жұмыс орны ашылады», - деді Үкімет басшысы.

Бөлісу: