Елордада архив деректері негізінде аймақтық ҚХА мен Достық үйлерінің қызметтері сараланады

17 Қазан 2019, 18:05 2154

18 қазанда сағат 15:00-де елордалық Достық үйінде Мемлекет тарихы институтының «Деректану, тарихнама және Отан тарихы» бөлімі және Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынас тәжірибесі: аймақтық халық ассамблеялары мен Достық үйлері қызметі архив деректерінде» атты ғылыми семинар өтеді.

Аталған іс-шараға ҚР БҒМ Ғылыми кеңесі мен Мемлекет тарихы институты ғалымдары, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА мүшелері қатысады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, ғылыми семинарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы және Қазақстан Республикасындағы ұлттық мәселе, Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің қызметі, Қазақстан Республикасы аймақтық көші-қон мәселелері және тағы да басқа тақырытыптар қамтылады.

Бөлісу: