«ҚазТрансГазАймақ»-тың Шымкенттегі филиалына айыппұл салынды

5 Шілде 2022, 17:55 1691

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына 18 378 000 теңге айыппұл салынды

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына қатысты тексеру қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 164-бабы 4-бөлігімен 4 хаттама толтырылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Хаттамалар табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін толтырылды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпарат алып, заңнамада белгіленген мерзімдерде реттеліп көрсетілетін қызметке қосуды жүзеге асырмады. Бұл – «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 24 және 26-баптарын өрескел бұзу», - делінген ведомство ақпаратында.

Әкімшілік істерді Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот шешімімен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына 18 378 000 теңге айыппұл салынды.

Бөлісу: