«ҚазТрансГаз Аймаққа» 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

27 Маусым 2022, 20:08 1281

Қоғам тауарлық газды көтерме іске асыру қызметі бойынша инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары орындамаған

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияға инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға пайдаланылмаған соманың 10% мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл 5 млн 340 мың 143 теңге.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтың субъектісі бола отырып, шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті. Қоғам тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметі бойынша 2021 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаған», - делінген ақпаратта.

Бөлісу: