«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасы тағайындалды

14 Қыркүйек 2022, 15:37 775

Бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі түрлі басшылық қызметтер атқарды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» Басқарма төрағасы болып Ержан Мұқанов тағайындалды, деп хабарлайды El.kzұйымға сілтеме жасап.

Ержан Мұқанов 1977 жылы туған.

1999 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша бітірген, ал 2003 жылы «Металлургия және кен байыту институты» РМҚК жанындағы «Қара, түсті металлургия және сирек металдар» мамандығы бойынша аспирантурада және 2009 жылы Париж тау-кен мектебін (IEcоle Nationale Superieure des Mines de Paris) «Тау-кен жобаларын экономикалық бағалау» мамандығы бойынша оқуды аяқтады.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында кен байыту және гидрометаллургияның арнайы әдістері зертханасының инженері болып бастады.

2004-2006 жылдар аралығында «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да инженер-технолог болып жұмыс істеді.

2022 жылғы наурызда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Өндіріс жөніндегі бас директоры қызметіне тағайындалды.

Бөлісу: