24.08.2022
12:59
1687
«Қазаэронавигация» бас директоры Азат Бектұров қызметінен босатылды

«Қазаэронавигация» бас директоры Азат Бектұров қызметінен босатылды

Азат Бектұров «Қазаэронавигация» бас директоры лауазымынан өз еркімен босатылды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы  Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.

«2022 жылғы 23 тамызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Азат Ғаббасұлы Бектұров басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылды», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.