«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жастар қолдайды

19 Сәуір 2018, 10:13 1705

Ел болашағы жастардың білім алуына, алдыңғықатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс жұмыстар Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында тізбектеліп айтылған. Сондықтан Мемлекет басшысы «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қол алуды тапсырды. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау – алдағы бірнеше жылдың үдесіндегі мақсат-міндет болып табылады. Бағдарламаның ұтымды тұстарын шығысқазақстандықтар да қолдап отыр. 

Оның дәлелі ретінде 19 сәуір күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында өңіріміздегі Жоғары оқу орындармен арнаулы орта білім беретін колледждердің студенттерімен оқытушылары және ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңесінің, Ғылыми-сараптамалық тобыны, Жастар лигасының, «Жаңғыру жол» жастар штабының мүшелері қатысқан ауқымды шараны айтуға болады.

Отырыс барысында сөз алған  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубекұлы:

«Бір жыл көлемінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды,  соның ішінде бүгінгі баршамыз бас біріктіріп талқылап отырған, «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын ерекше, атап өткім келеді» деді.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, ШҚО ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Майра Шүршітбайқызы:

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының қолға алыныуы оқытушылармен студент жастар үшін өте зор мүмкіндік. Осы мүмкіндікті біз тиімді пайдаланып, әлемдегі ең үздік авторлардың еңбегін аса зор ынтамен оқып, өз қажетімізге жаратуымыз керек».

 

 

Бөлісу: