«Қазақ баласының жеңіске жету жолы - кітаппен дос болу» - Разия Ақпар

19 Қыркүйек 2022, 16:50 2324

Елорданың ең жас қаламгері «Ер Төстік» республикалық әдеби байқауының жүлдегері, Б.Момышұлы атындағы «Шапағат» медалінің иегері, «Ауыл хикаялары» тақырыбы аясында көркем шығарма жазудан өткен «Оралхан Бөкей атындағы республикалық әдеби байқауының» жеңімпазы. «Бастауыш сыныптан бері тақпақтар, ертегілер құрастыратынмын. Басында тек отбасы, жануарлар туралы ертегілер жаза бастағанмын. Кейін балаларды қызықтыратын барлық тақырыптарға жазатын болдым. Менің алғашқы оқырманым да, алғашқы қолдаушым да – анам. Менің ертегілерімді оқып, таңғалысы мен мақтанышын жасырмай өлісіп отырады. Инстаграм парақшасына салып, оқырман жинай бастадық. Алғашқыда ертегі жазатынымды жасырушы едім, өйткені қазір оған ешкім қызықпайды деп ойлайтынмын. Алайда олай емес екен. Шығармашылығыма қолдау білдіріп отырған анам мен ұстазыма алғысым шексіз» - Разия Ақпар.

Бөлісу: