«Қайырымды жан - 2017» қайырымдылық акциясы

5 Қаңтар 2018, 11:26 2398

Жақында Жамбыл облысында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қайырымды жан - 2017» акциясы өтті. Акция барысында жиналған барлық қаржы науқас балалардың еміне бағытталды.

Бүгін жиналған 900 000 теңге № 1 облыстық балалар ауруханасында түрлі диагнозбен емделіп жатқан 5 науқас балаға бөлініп берілді. Бұл үшін М.Миражапова – ҚХА мүшесі, Аналар кеңесінің төрайымы, Р.Убайдуллаева - «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, Р.Асанқұлова - «Қоғамдық келісім» КММ бас есепшісінен тұратын арнайы комиссия құрылған болатын.  

Аталған комиссия мүшелері 900 000 теңгені балаларға бөліп берді, олар: Д.А. Потапов – мүгедек-бала (150 000 теңге),  А.Н.Айдарбек – нейросенсорлық екіжақты кереңдік (300 000 теңге), Х.Л. Санахун - мүгедек-бала (150 000 теңге), А.Ж.Рысбай -  мүгедек-бала (150 000 теңге), А.Б.Нұрмағамбет – мүгедек-бала (150 000 теңге).

№ 1 облыстық балалар ауруханасы, нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Омаров Таласбек:  «Бұл балалар үнемі медициналық бақылауда болулары тиіс. Өкінішке орай мұндай науқас балалар көп. Кейбірі науқас болып туылады. Көп жағдайда аналары сәбилерін балалар үйіне немесе босандыратын үйлерге тастап кетеді. Біз тастанды балалардың көбеюіне жол бермеуіміз керек. Ол үшін ана мен балаға қайырымдылық көмек көрсетіп тұру  қажет», - деді.

Қайырымдылық – ол игі іс, қайырымдылықты кез келген адам жасай алады.  Қоғамдағы әрбір науқас бала өмір сүруге құқылы. Қайырымдылық көмек арқылы біз әр баланың және ананың өмірге деген көзқарасын өзгерте аламыз.

Бүгін Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы науқас балалардың медициналық көмек алуына қаржылай көмектесті. Біз бүлдіршіндердің өміріне бейжай қарай алмаймыз.

Балалардың ата-аналары И.В.Клейменова, Б.Н.Көптілеуов, А.М.Санахун, А.С.Елемес, С.А. Нұрпейіс ҚХА мүшелеріне ризашылығын білдірді.

Бөлісу: