Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң жобасы мәжілісте мақұлданды

7 Қыркүйек 2022, 11:34 2195

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау жөнінде шешім қабылдады

ҚР Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңжобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz.

Құжатты таныстырған ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Конституцияға референдум арқылы енгізілген 83-1-баптың нормасы бойынша омбудсмен қызметінің міндеттері, тәуелсіздігі мен өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде қандай да бір өзге меморгандар мен лауазымды адамдардың алдында есеп бермеуіне кепілдік бекітілгенін еске салды.

«Бұдан былай Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы мен оның қызметін ұйымдастыру конституциялық заңмен айқындалады. Омбудсмен туралы қолданыстағы заң салыстырмалы түрде жақында, өткен жылдың 29 желтоқсанында қабылданғанын атап өткен жөн. Заңда уәкілдің қызметі туралы негізгі ережелер бекітілді», - деді министр.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау жөнінде шешім қабылдады.

Бөлісу: