8 тамызға арналған валюта бағамы

8 Тамыз 2022, 10:13 1104

Ұлттық банктің 8 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 477,98 теңге

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 475- 480 теңгеден саудаланып жатыр, – деп хабарлайды El.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475 – 479 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал Алматыда доллар бағамы 476 – 480 теңге аралығында құбылып тұр. 5 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,38 теңгеге қымбаттап, 477,77 теңге болған.

 Ұлттық банктің 8 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 477,98 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,2 – 7,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу: