#13 Ақорда Дмитрий Медведев көзімен

23 Желтоқсан 2014, 05:37

Тәуелсіздік туы желбіресін!

Құрметті достар! Назарларыңызға «Қазақстан шетелдіктер» көзімен фотоайдарының он үшінші жарияланымын ұсынамыз!  Бүгінгі бөлімде Қазақстанды тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаған шетелдік азаматтардың суреттерін жарияладық.

Көшті бірінші болып көршіміз Ресей бастады. Тәуелсіздік күні қарсаңында елордамызға ресми сапармен көптеген қонақтар келді. Солардың бірі Ресей Федерациясының Премьер-министрі Дмитрий Медведев болды.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің орынбасары Майкл Клечески барша қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Болгарияның София қаласында Қазақстан елшілігі мерекелік кеш ұйымдастырды. Елімізді  болгариялық атақты күресшілер Пулев ағайындылары келіп құттықтады.

Түркияның Ыстамбұл университетінің профессоры Айдемир Окай да қуанышымызға ортақ болды.

Шымкент қаласының тұрғыны Ричард Эванстың құттықтауы

"Haileybury Astana'' мектебінің оқытушысы Гаррет мырза да шетте қалмады.

Ал бұл Джаан есімді эстониялық досымыз. Бізге тек сәттілік пен жақсылық тілейтінін білдірді.

Әзербайжандық Машит Мусаевтың әлеуметтік парақшасынан

«Қазақстан шетелдіктер» көзімен фотоайдарының алдыңғы бөлімдерін осы сілтеме арқылы көре аласыз!

Фото: Instagram, Facebook

Әзірлеген: Айгүл Шерниязова

Бөлісу: