#10 Мишель Родригес: Бұл мүлдем Борат емес!

23 Желтоқсан 2014, 05:43

Жұма да келді, жаңа суреттерді тамашалаңыздар!

Құрметті достар! Назарларыңызға «Қазақстан шетелдіктер» көзімен фотоайдарының оныншы жарияланымын ұсынамыз!  Қазақстанға серуендеп келген не елімізде тұрып жатқан шетел азаматтарының интернет желісіне салған қызықты суреттерін аптаның сейсенбі және жұма күндері жариялап отырамыз.

 

2011 жылы "Astana'' халықаралық экшн-фильмдер кинофестиваліне  актриса Мишель Родригес арнайы елордамызға қонақ болып келді. Ол «Форсаж», «Обитель зла»,  «Аватар» секілді фильмдердегі рөлдерімен әлемге әйгілі болды. Халқымыздың қонақжайлылығына риза болған Мишель осындай әсерлерімен бөлісті.

Келген қонақтардың барлығы заманауи архитектурамызды әлемдегі озық елдерден еш кем түспейтінін айтады.

Қазақ елімізбен ассоциация болып кеткен Борат фильмінің толығымен жалған екендігіне көз жеткізген екен. Қуаныштымыз

Ұлттық тағамдарымыз шетелдіктерді әрдайым таң қалдырады. Солай Мишель де денсаулыққа пайдалы қымыздан дәм татты.

Ал бұл сурет елімізде білім алып жүрген түрік студенті Мұраттың парақшасынан. Толықтай келісеміз, қымыздан асқан сусын бар ма?

Саяхатшы әрі фотограф Николас және оның достарының жазғы демалыстағы суреттері тамсандырады.

Фотоайдардың бірінші, екіншіүшіншітөртіншібесіншіалтыншыжетіншісегізінші және тоғызыншы бөлімдерімен осы сілтемелер арқылы таныса аласыздар 

Фото: Twitter, Instagram

Әзерлеген: Айгүл Шерниязова

Бөлісу: