Видеодан кадр

«Әміре Қашаубаевтың ұрпағы ма?»: «Балқадишаны» орындаған ер адам көпшілікті таңғалдырды

Әлеуметтік желіде жұртшылық алдында Ақан Серінің «Балқадишасын» нақышына келтіріп тұрып орындаған әншінің видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көпшілік таңданысын жасыра алмай, мақтау сөзді жаудырған:

«Әміренің ұрпағы ма?», «Әміре Қашаубаевты тыңдағандай болдық», «Не деген дауыс, керемет! Нағыз жұлдыз болатын адам ғой», «Керемет, бұл әнді Әміреден кейін дәл бұлай ешкім айтқан жоқ шығар, бәрекелді, «ел іші - өнер кеніші» деген осындай болар», - деп пікір білдіруде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @astana02press

Шын мәнінде, видеодағы орындаушы - Дінислам Жайлаубай деген дәстүрлі әнші. Ол бұған дейін де талай сахнада жұртшылықты тамсандырып жүрген.