Әмір Омарханов теннистен Мексикада өткен жарыста жеңімпаз атанды

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ
02.12.2024 11:51
472
Мексиканың Мерида қаласында жасөспірімдер арасында бірінші санаттағы ITF J500 турнирі аяқталды. Жарыста қазақстандық теннисші жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әмір Омарханов Ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сайыста жеңіске жетті.
Финалда Әмір мен Тимофей турнирдің бірінші нөмірлі спортшылары – чехиялық Петр Брунлик пен британдық Чарли Робертсонды 6:4, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты.
Жекелей сында Омарханов жартылай финалда француз Томас Фурельге 2:6, 3:6 есебімен жол берді.

Алдыңғы жаңалық
Алматыда егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтіріп кеткен
Келесі жаңалық
Мидың жақсы жұмыс істеуіне пайдалы 5 тағам