Paras Griffin/Getty Images

Америкалық рэпер P. Diddy басқа түрмеге ауыстырылды

Адам саудасы ісі бойынша 50 айға бас бостандығынан айырылған америкалық рэпер Шон Комбс (P. Diddy) қауіпсіздік деңгейіндегі түрмеге ауыстырылды. Ол енді нашақорлықтан емдеу бағдарламасы бар түзету мекемесінде жазасын өтейді. Бұл туралы АҚШ-тың Федералдық түрме бюросына сілтеме жасай отырып NBC телеарнасы хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Бұған дейін 55 жастағы Комбс Нью-Йорк штатының Бруклин ауданындағы «Метрополитен» қамау орталығында отырған. Енді оны Нью-Джерси штатындағы Форт-Дикс әскери базасында орналасқан федералдық түрмеге ауыстырған. Ол сонда өз жазасының қалған бөлігін өтейді.

ABC News мәліметінше, P. Diddy 2028 жылдың 8 мамырында бостандыққа шығуы тиіс. Егер ол нашақорлықтан емделу бағдарламасын толық аяқтаса, жазасы бір жылға қысқаруы мүмкін.

Еске сала кетсек, биыл қазан айының басында сот Комбсты адамдарды жезөкшелікке тарту мақсатында тасымалдағаны үшін төрт жыл екі айға бас бостандығынан айырған болатын.

Бұған дейін, наурыз айында, рэперге қарсы жыныстық зорлық-зомбылық бойынша төрт азаматтық талап-арыз түсірілген еді.

Олардың бірі – Кендра Хаффони есімді әйел, ол VH1 телеарнасындағы реалити-шоудың қатысушысы болған кезде зорлық көргенін мәлімдеген.

Тағы үш әйел де рэпердің оларды есірткі не ішімдік беріп, артынша зорлағанын айтқан.