Жаңалықтар

Америкалық компания Астанадағы локомотив зауытына қаражат бөлді

Америкалық компания Астанадағы локомотив зауытына қаражат бөлді
Фото: aolkz.kz 01.03.2023 15:49 864

Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Wabtec компаниясының аға вице-президенті Гохан Байхан серіктестікті кеңейту перспективалары мен машина жасаудағы жаңа жобаларды іске асыру жайын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

📈Машина жасау – ел экономикасының ең перспективалы секторларының бірі. Өткен жылы елімізде саладағы өндіріс көлемі 35%-ға өсті.

Экономикалық күйзелістерге қарамастан, әлемдік теміржол қатынасы тұрақты болып қала береді және алдағы 10 жылда екі есеге жуық өседі деп болжануда. Осыны ескере отырып, Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналасуын барынша тиімді пайдалануға және транзиттік жүк ағындарын байланыстыратын ірі көлік тораптарының біріне айналуға ниетті.

Атап айтқанда, Еуропа мен Азия елдері арасындағы тауар айналымының қарқынды өсуі аясында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудың перспективасы жоғары. Ол үшін инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастау, сондай-ақ локомотивтер мен теңіз кемелерінің паркін ұлғайту қажет.

Өз кезегінде Гохан Байхан Wabtec компаниясы Астанадағы локомотивтер шығаратын зауытта өндірісті кеңейтуге қаражат салғанын хабарлады, бұл оның қуатын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Америкалық компания Астанадағы локомотив зауытына қаражат бөлді



Wabtec сонымен қатар Қазақстанның көлік желісінің тиімділігін арттыру үшін теміржол бағыттарын цифрландыру және оңтайландыру мәселесінде ҚТЖ-мен белсенді ынтымақтастық орнатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға